4.10.2022, 11:15
Оқылды: 106

Нарынның нар ұлын еске алды

Жуырда Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында белгілі ақын, аудармашы Қайрат Жұмағалиевті еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті. Оған өңіріміздегі қаламгерлер қатысты. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеслайд көрсетілді.

309114229_1996990740690104_368107308540611031_n

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Айтқали Нәріков, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Тілес Жазықбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қазыбек Қабжанов ақын ағаның болмысы, шығармашылық әлеуеті туралы әңгімеледі.

Кеште ақын өлеңдерін Эльдар Ихсанов, Әділ Ахметов, Назерке Махамбетова, Ақмоншақ Есетова, Назерке Сырымова нақышына келтіре оқыса, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегенов, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты «BatysStar» тобы ақын сөзіне жазылған әндерді орындады. Ақын өлеңдеріндегі туған жер көрінісі жан тебірентпей қоймайды. Биыл шайырдың туғанына – 85 жыл.

– «Жайық Пресс» медиахолдингінде Қайрат ағамызбен бірге жұмыс істедік. Ол кісінің адамгершілігі, шынайылығы, қарапайымдылығы туралы көп нәрсе айтуға болады. Бірнеше рет үйінде болдым. Газетке сұхбат алдым. София жеңгемізбен де сөйлестім. Ол да тамаша адам еді, – деп еске алады Қазыбек Құттымұратұлы.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале