17.03.2021, 11:23
Оқылды: 204

Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар неше күн демалады?

Биыл қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай 5 күн демалады.

CBD42757-E015-4435-9D36-2129E7CBD7A2

Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалады. Дегенмен, биыл 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр. Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады. Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді. Бұған дейін 2021 жылы жалпы қанша күн демалыс болатынын жазған едік.

zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале