17.03.2022, 15:15
Оқылды: 88

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Келесі аптада қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлайды. Ел тұрғындары бес күн қатарынан демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

04

Наурыз мейрамы кезінде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады - 2022 жылдың 19, 20, 21, 22, 23 наурызында.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге сенбі 19 наурыз жұмыс күні, одан кейін 4 күн - 2022 жылдың 20, 21, 22, 23 наурызы демалыс.

Айта кетейік, биыл қазақстандықтар жалпы 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады. 2022 жылғы барлық мереке мен демалыс күндері күнтізбесін сілтемеден көре аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале