20.10.2018, 9:56
Оқылды: 86

Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату жұмыстары жалғасады

Кеше Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Шараға кеңес төрағасы, облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысты.

IMG-20181020-WA0017
Отырыста Зияткерлік мектеп директорының орынбасарлары 2017-2018 оқу жылындағы оқу-әдістемелік, тәрбие, кәсіби бағдар, іс-тәжірибе тарату жұмыстарының нәтижесі туралы баяндама жасады. Сонымен қатар директорларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған тағылымдаманың қатысушылары жұмыс нәтижесімен бөлісті. Айта кету керек, қазір мектепте облыстың 6 ауданынан келген мектеп директорлары тағылымдамадан өтуде.

IMG-20181020-WA0019
-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында зияткерлік мектептердің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс екенін айтты. Өңірде НЗМ тәжірибесін тарату жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Облыс мектептері мұғалімдеріне арналған семинарлар, директорлардың тағылымдамасы, кітапхана, психолог мамандарға өткізілетін шеберлік сағаттары осыған дәлел. Алдағы мақсат – бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру, жүйелендіру. Бүгінгі отырыста тағылымдамадан өтіп жатқан директорлардың ой-пікірін тыңдадым. Мектеп басшылары осы алған тәжірибесін әрі қарай өз аудандарында таратулары қажет. Зияткерлік мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы ерекшеліктерін пайымдап, кей тұстарын өз жоспарларыңызға енгізіп жатыр екенсіздер. Бұл – өте дұрыс шешім. Алдағы уақытта осындай мазмұндағы тағылымдамаларға облыс мектептері директорларының орынбасарлары қатысып, сондай-ақ зияткерлік мектеп мұғалімдері аудандарға шықса, жұмысымыз тиімді жүреді деп есептеймін. Бұл НЗМ тарапынан орта мектептерге қатысты үлкен қолдау болар еді. Сондай-ақ болашақта тағылымдаманы онлайн өткізуді қолға алу қажет деп ойлаймын.
Зияткерлік мектеп директоры орынбасарлары өткен оқу жылының нәтижелерімен таныстырды. Оралдық мектептің желілік Зияткерлік мектептер арасында оқушылардың оқу үлгерімі бойынша алдыңғы бестікте, ал IELTS халықаралық емтиханы қорытындысы бойынша үздік үштікті түйіндеп тұрғаны қуантады. Бұл - жылдар бойғы жинақталған мол тәжірибенің жемісі. Осы тәжірибені тарату – басты міндетіміз, - деді облыс әкімі А.Көлгінов.

IMG-20181020-WA0020
Айта кетейік, 2017-2018 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұндағы бағдарламасы және Орал қаласындағы НЗМ тәжірибесін тарату мақсатында 41 мектеп директоры тағылымдамадан өтсе, облыс аудандарында 7 көшпелі семинар ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп педагогтары жүйелік-әдістемелік кешен (smk.edu.kz) үшін 400-ден аса материал дайындады.

IMG-20181020-WA0021
Шара соңында Қамқоршылық кеңесінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале