13.03.2020, 10:53
Оқылды: 109

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне конкурстық іріктеу уақыты ауыстырылды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жасады.

ниш

2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын пайда болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанынан құрылған Ведомствоаралық комиссия тарапынан арнайы алдын алу шаралары өткізілуде, 13 наурыздан бастап көпшілікке арналған іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының шешімімен Назарбаев Зияткерлік мектептеріне конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды. Конкурстық іріктеу өткізілетін күн қосымша жарияланады. Бұл жөнінде үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиялары арқылы хабарланады, – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Оралдағы НЗМ-ге 900-ге тарта 6-сынып оқушысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тағайындаған «Өркен» білім беру грантының иегері атануға ниет білдіріпті.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале