19.01.2023, 15:45
Оқылды: 38

Негізгі күш жергілікті жастарға түспек

Бірер айдан соң футболдан кезекті ел чемпионаты басталады. Бірінші лигада өнер көрсететін жергілікті «Ақжайық» командасы қалыпқа келтіру жаттығуын бастады.

FTLtsktAHHU

Бұл жиынға 27 ойыншы шақырылған. Барлығы жергілікті футболшылар. Команда құрамында өткен маусымда негізгі құрамда болған Бауыржан Омаров, Руслан Хаиров, Владимир Покатилов, Эльдар Абдрахмановтан бөлек, былтыр «Байқоңыр» сапында доп тепкен Әділет Болатов, кубок финалында тамаша ойнаған Батыр Мұқашев сынды талантты жастар бар.

IMG-20230119-WA0011

- Әзірге Оралда жаттығу жиындары өтеді. Ай соңында бірнеше күн демалып алған соң жаттығу жұмыстары жалғаса түседі. Туар ай ортасына қарай бір айлық толыққанды жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге аттанамыз,-дейді футбол клубының директоры Манарбек Ержанов.

Биыл «Ақжайық» негізгі құрамға жергілікті ойыншыларды тартуды мақсат етіп отыр екен. Бапкерлер Самат Бердәулетов, Азат Бақытов, Әйіп-Нұртас Төрехан, Роман Божко, Әйбек Жұмаханов, Николай Жилин, Рысбек Қоңыров сияқты талабы таудай жас жігіттерге мүмкіндік бермекші. Олардан өзге де жас ойыншылар команда жетекшілерінің жіті бақылауында болады. Өткен жылғы легионерлердің біразы басқа клубтарға кеткені белгілі. Олардан бөлек жергілікті футбол мектебінің түлегі Бекзат Иманғазеев та осы күні құрамда жоқ. Ол еліміздің басқа командасында бақ сынап көруді ұйғарыпты.

5R02AAoyXtU

- Негізгі күш жергілікті ойыншыларға артылады. Басты мақсатымыз – команда құрамын жасақтау. Бірнеше позицияны күшейтуді де ойлап отырмыз. Бірақ ол алдағы күндердің еншісінде,-дейді «Ақжайық» футбол клубының директоры Манарбек Ержанов.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале