5.09.2023, 17:30
Оқылды: 49

Неліктен ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды?

EB0FA757-F3E7-439A-A250-57269C5B5C92

Неліктен ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды?

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі айтып берді.

Электрондық цифрлық қолтаңбаңызды иемденген алаяқтар келесі қадамдарға баруы ықтимал:

- пәтеріңізге кездейсоқ адамдарды тіркеуі;
- көлігіңізді қайта тіркеуі;
- сенімхат рәсімдеу және қаржылық құжаттарға қол қоюы;
- нотариаттық мәмілелер жасауы мүмкін.

ЭЦҚ қолмен жазылған қолтаңбаға тең екенін ескеріңіз. Жоғалған жағдайда оны дереу қайта шығару керек, сонымен қатар құпия сөзді стандартты құпия сөзден күрделі құпия сөзге өзгерту керек.

ЭЦҚ-ны eGov.kz порталы арқылы да, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да алуға болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале