6.12.2023, 13:00
Оқылды: 17

Несиеден өз еркімен бас тарту қызметін қолданушылар саны артып келеді  

 

Тұрғындар арасында 6 ай мерзімге банк кредитін және шағын несиелерді алудан ерікті түрде бас тарту сұранысқа ие қызмет болып отыр.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» БҚО-дағы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

JP Цон

Қазіргі кезде үшінші тұлғалардың басқа адамдардың атына несие рәсімдейтін алаяқтық оқиғалардың жиілігіне байланысты аталған филиалда несие мен шағын несиені рәсімдеуге тыйым салуды белгілеуге өтініш көбейіп келеді.

- Бұл қызмет қазір өте танымал. Қызмет алушылар, негізінен телефон алаяқтары өздерінің шоттарының деректерін пайдаланбауы үшін несиелерді рәсімдеуге тыйым салады. Кез келген адам несие мен шағын несиені рәсімдеуге онлайн тыйым салуды қолдана алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе eGov.kz порталының жаңа сервисі арқылы жасауға болады, - делінген хабарламада.

Сервиске өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу алты айға белгіленеді. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін тыйым автоматты түрде алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеуді кез келген уақытта өтініш беру арқылы алып тастауға болады.

Айта кеткен жөн, дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) сайтында ақылы түрде қолжетімді. «Электрондық үкімет» порталында өтініш берген кезде БКБ қызметіне жарамды өтінімнің бар-жоғы тексеріледі. Мысалы, егер бұрын ол жерде сұрау болмаса, онда тыйым салуды орнатуға өтініш беру керек.

Несие алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Экономика және қаржы» бөлімінен де табуға болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале