«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды
7 Маусым 2023

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды

Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды
7 Маусым 2023

Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды

Алты көлік өртенген. Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы мәлімет пайда болды
6 Маусым 2023

Алты көлік өртенген. Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы мәлімет пайда болды

NIS-Engineering лабораториясы ашылды

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқудың алғашқы күндерінен-ақ оқушылардың жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу мүмкіндігі үшін жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын оятуды мақсат етеді. Жаңа зертханада балалар алған білімдерін тәжірибеде қолдана отырып, жобалар мен прототиптер жасайтын болады.

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.48.11
Зертхана 3D принтер және сканер, лазерлік станок, интерактивті және техникалық құралдар жиынтығымен жабдықталған коворкинг, шеберхана және шығармашылық үш аймақты қамтиды. Арнайы элективті курс аясында оқушылар инженерлік іс, математика, физика, химия, биология бағыттарын оқиды, сонымен қатар бағдарламалау және робототехникамен айналысады.

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.48.11 (1)
– Оқушылардың NIS-ENGINEERING аймақтарында алған білімдері мен күрделі жабдықтарда жұмыс істеудің бірегей тәжірибесі дәстүрлі оқу үдерісінен шығуға және олардың білімді дайын түрде қабылдауға емес, сыни тұрғыдан ойлауға және жаңа білім іздеуге бағытталған қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, – дейді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.48.12 (1)
Зертхананың ашылуында мектеп оқушылары пневмонияның бар-жоғын анықтауға көмектесетін жасанды интеллект өнімі, ауа тазартқыш, ауылшаруашылық дроны, күнделікті ұйқыдан тұрғаныңыз үшін ақша төлейтін оятқыш, ақылды жылыжай, ұнтақ тәрізді заттардың тығыздығын анықтайтын құрылғы жобаларын таныстырды. Жас зерттеушілерге жергілікті жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қалалық мектептердің мұғалімдері өз пікірілері мен ұсыныстарын білдірді.
Болашақта Оралдағы NIS STEM білім беруді насихаттау және енгізу алаңына айналуды жоспарлап отыр. Қазір мектеп тренерлері қала мектептерінің мұғалімдеріне көшпелі шеберлік сабақтарын ұйымдастыруда.

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.48.12

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.48.13

Айдана Хамидуллина,
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале