24.09.2021, 16:33
Оқылды: 194

Нобель сыйлығын табыстау рәсімі тағы да өткізілмейтін болды

Нобель сыйлығын табыстау рәсімі пандемияға байланысты тағы да өткізілмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

12

Нобель қоры марапаттау рәсімдерінің былтырғыдай онлайн және офлайн режімінде болатынын мәлімдеді. Осылайша, негізгі рәсім теледидар арқылы және Нобель сыйлығының цифрлық платформалары арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.

Өз кезегінде Нобель сыйлығының норвегиялық комитеті әлем сыйлығын жеке шара аясында Осло қаласында табыстау мүмкіндігін қарастырып отыр.

Мерекелік рәсімдер әдетте скандинавиялық екі астанада 10 желтоқсанда – сыйлықтың негізін қалаушы Альфред Нобель қайтыс болған күні өткізілетіні атап өтілуде. Стокгольм ратушасында лауреаттардың қатысуымен бейнетаныстырылымдар өткізіледі, сондықтан рәсімге жергілікті аудитория қатысады.

Биылғы жыл лауреаттарының есімдері 4-11 қазан күндері арасында белгілі болады. Нобель сыйлығы – жыл сайын атақты ғылыми зерттеулер, революциялық өнертабыстар немесе мәдениет не қоғамның дамуына қосқан зор үлес үшін табысталатын беделді әлемдік сыйлық.

inform.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале