20.11.2020, 18:14
Оқылды: 99

"Nur Otan" партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев азаматтармен онлайн-кездесу өткізді

Бүгін партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев онлайн форматта облыс тұрғындарымен кездесу өткізді.

Мукаев 1

Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныстары тыңдалды. «Арба» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлмира Батпақұлова қоғамдық көліктерді пайдаланушы ерекше қажеттіліктері бар жандардың, атап айтқанда, мүгедектер арбасына таңылған жандардың қатынасы туралы мәселе көтерді. Мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектер арбасында жүруі үшін Орал қаласындағы автобустардың барлығы бірдей көтергіш механизмдермен жабдықталмағандығы да маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

БҚО мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту үшін «Enbek – Qoldau» порталын одан әрі дамыту керек екендігін атап өтті. Бұл виртуалды алаңда облыстың кәсіпорындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтары тіркеледі, олар әрі қарай жұмысқа орналасу үшін түйіндемелерін ұсына алады.

Мукаев 2

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының директоры Қаракөз Бурамбаева да өз тарапынан өзекті мәселелер көтерді.

Кездесуде көтерілген барлық сұрақтар негізінен халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін органдарда кедергісіз орта құруға қатысты болды.

"Nur Otan" партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале