8.01.2021, 11:48
Оқылды: 155

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ең басты басымдықтарға тоқталды

 7 қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Бибігүл Қонысбаева өзінің фейсбук парақшасында тікелей эфир өткізді.

d9b452db-bdf8-4a58-aa3d-c6e598578153

Эфир барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ең басты басымдықтарға тоқталды. Соның ішінде автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңімен арттыру және таза ауыз су мәселесі аясында атқарылатын шаралар туралы баяндады.

Партияның сайлауалды бағдарламасында жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 2025 жылға қарай 31%-дан 50%-ға дейін жеткізу көзделіп отырғанын және ұзындығы 90 км-ге жуық қалалық автомобиль жолдарын қайта құру және күрделі жөндеуден өткізілетіндігін айтты. Бұл шаралардың нәтижесінде облыстың 300 мыңнан астам тұрғыны сапалы жолдармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, таза ауыз су мәселесі ортаға салынып, 120 ауылда сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы басталатындығы және 17 ауылда сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартудың болатындығын жеткізді.

Нәтижесінде, ауыл халқы 2025 жылдың соңына қарай 100% сумен қамтылатын болады деді үміткер.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале