9.09.2020, 12:17
Оқылды: 121

Нұр-Сұлтан қаласына БҚО-дан жәрмеңкенің жүк көліктері аттанды

Қыркүйектің 12-13-і күндері Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған Батыс Қазақстан облысынан 85 тауар өндіруші қатыспақ. Соған байланысты бірнеше жүк көлігі Орал қаласынан аттанды.

Nyrtai (1)

–  Жәрмеңкеде 92 тонна ауыл шаруашылығы өнімі саттыққа қойылады. Астана тұрғындары мен меймандарына 30 тонна сиыр және жылқы еті, 15 тонна шұжық пен консерві өнімдері, 10 тонна балық, 20 тонна ұн және макарон өнімі, 2 мың литр өсімдік пен және 2 тонна сары май, 1 мың литр қымыз, 5 мың литр сусын, 50 мың дана жұмыртқа, 5 тонна кондитерлік өнім ұсынылады. Біздің облыстың тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары жәрмеңкеге тыңғылықты дайындалды, –  деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашев.

Nyrtai (3)

Nyrtai (2)

Жәрмеңке өнімдеріне қала мен аудандардағы шаруа қожалықтары өз үлестерін қосқан. Тасқала ауданының ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Хамит Омаровтың айтуынша, елордаға 2 тонна мал етін алып бару жоспарланған. «Ауданда мал және егін шаруашылығы қатар дамуда. Шаруалар баптаған ірі қара етін сатып алуға астаналықтар ерекше ден қоятынына сенімдімін», – деді Хамит Омаров.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале