14.09.2022, 10:00
Оқылды: 116

Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды

Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды. VII съезд жұмысына әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ed0ded67c6ec43b58241da2f2572e20b

Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды.

VII съезд жұмысына әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысуда.

Шара Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Сьезд дұға үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

 Съезд «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» тақырыбындағы пленарлық отырыспен ашылады.

Пленарлық отырыс барысында «Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының» номинанттарын марапаттау, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің құрметті медальдарын тапсыру жоспарланған.

13 қыркүйекте Рим Папасы Нұр-Сұлтанға ұшты, оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке қарсы алды. Рим Папасының сапары аясында еліміздің жоғарғы басшылығымен кездесулер, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу, сондай-ақ Қасиетті месса жоспарланған.

Рим Папасы Францисктің массасы барлығына тегін болады. Ол ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді. Әр елден 3 мыңға жуық қажы келеді деп күтілуде.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале