1.05.2021, 9:58
Оқылды: 416

Облыс әкімі Ғали Есқалиев батысқазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

7f6580fd-4599-4b7d-ae9b-e600b43c4257-e1590511637116

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!

Бейбіт өмір мен берекелі тірлік, татулық пен тұрақтылық ынтымақ арқасында ғана нығаяды. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын елдің ну ормандай нығая түсетіні, тағдыр тезіне төзіммен төтеп беретіні, қиын кезеңде құрыштай берік болатынына тарих куә. Ашық аспан аясында мамыражай ғұмыр кешіп жатқан Қазақстан әлем үшін ұлтаралық татулықтың теңдессіз үлгісін көрсетіп, ұлы мақсатқа ден қою жолында ұлағат ұстынына айналды.

Ойдағымыз орындалып, Отанымыз көркейіп, көздегеніміз көз алдымызда жүзеге асуы үшін берекелі еңбек пен ынтымақты іс-әрекет қажет. Егемен еліміздің келешегі кемел болуы үшін ерен еңбекке ден қойған жасампаз халқымыздың даңқы асқақтай берсін!

Қадірменді жерлестер!

Ынтымақ мерекесі ырыс алып келсін! Әрбір шаңыраққа шаттық ұялап, береке шуағына бөлене бергей! Бірлігіміз күннен-күнге нығая түссін!

Игі тілекпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале