8.05.2020, 21:37
Оқылды: 123

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Долинное, Төңкеріс, Қоныссай ауылдарын газбен жабдықтау жұмысымен танысты

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы ауқымында Теректі ауданы Долинное ауылындағы Чапаев мектебінің ғимараты күрделі жөнделуде. Мектеп ішінде шағын балабақша орналасқан.

FCC189AA-1114-45B8-BD22-7968F99D5304

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев ғимаратты күрделі жөндеп жатқан «Фирма ИСКОМ» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Жоба құны – 230,5 миллион теңге. Бағдарлама ауқымында құрылысты бастауға 198,8 миллион теңге бөлінген. Мектеп 320 оқушыны қамти алады. Ғимараттың жалпы ауданы – 2 146м2. Қазіргі уақытта білім ошағында 126 бала оқып жатыр.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевке аудандық білім бөлімінің Жанаргүл Құсайынова мектеп ауласындағы қойманы жөндеуден үнемделген қаражатқа мекеме ғимаратын сыртын кірпіш қаптауды ұсынды. Есесіне, оқушылар қысқы кезеңде жылы мектепте отырып, қысылып-қымтырылмай білім алады. Өңір жетекшісі бұл ұсынысты қолдап, мердігерге қаперге алуын тапсырды.Қазіргі уақытта мамыр айынан бастап, құрылыс материалдары мен техникалар жеткізілген. «Фирма ИСКОМ» ЖШС 57 адамды жұмысқа алады. Бағдарлама талабына сәйкес жергілікті 29 тұрғын жұмыспен қамтылады.

ACDD343E-DC24-48E9-87FF-832D0F0161C9

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Долинное, Төңкеріс, Қоныссай ауылдарын газбен жабдықтау жұмысымен танысты. Жоба құны – 337 237,0 мың теңге. Бүгінгі таңда мердігер «Батысгазстрой» тапсырыс берушімен 298 877,3 мың теңгеге келісім-шарт жасасқан.  Газ өткізу жұмысына  84 адам тартылады.

Айта кетейік, Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысына 178 жобаны жүзеге асыруға 35,5 млрд теңге қаражат қарастырылды. Әлеуметтік-мәдениет нысандардыкүрделі және ағымдағы жөндеуге және реконструкциялау бойынша 70 жобаға 13,4 млрд теңге бөлінген.

1483346F-E664-4D0F-B422-744B6C736C59

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале