22.04.2023, 12:20
Оқылды: 266

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев: "Біздің қаламыз экологиялық таза қалаға айналу керек"

Бүгін Оралдықтар ағаш отырғызу акциясына қатысты. Облыста тазалық айлығы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жылы қалада 2500 түп ағаш отырғызу көзделген. БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Абай даңғылы бойында ағаш отырғызу акциясына қатысты. Аймақ басшысы қаланың экологиялық тазалығы үшін жасыл-желекті отырғызу жұмыстары бұдан әрі қарай да жалғаса береді деді.

WhatsApp Image 2023-04-22 at 09.38.31

WhatsApp Image 2023-04-22 at 09.40.02
"Орал қаласын жасыл қала, ауасы таза қала деп атайтынын білесіздер. Біз қаланың экологиялық жағдайын жақсарту үшін тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізе береміз. Ағашты отырғызу бір бөлек, оны күтіп ұстау мәселесі бар. Біз биылдан бастап қалада отырғызылған ағаштарды күтіп, баптайтын арнайы мердігер мекемені бекіттік. Олар енді отырғызылған жас ағаштардың тамыр жайып өсіп кетуі үшін күтім жүргізеді. Бұдан бөлек қаладағы қураған, ескі ағаштарды кесумен айналысатын болады" деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2023-04-22 at 09.40.42

WhatsApp Image 2023-04-22 at 09.41.14

Айта кетейік, алдағы сенбі қаламыздағы ірі өзендердің жағалауын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бүгін Абай даңғылы бойында 131 түп шырша ағашы егілді.

Ағаш отырғызу акциясына мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жастар қатысты.

WhatsApp Image 2023-04-22 at 09.41.15

WhatsApp Image 2023-04-22 at 09.40.57

WhatsApp Image 2023-04-22 at 09.41.00
"Сәуір айы - тазалық айлығы болып жарияланды. Қазір қаланы тазалау және ағаш отырғызу шаралары жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 2000 түп ағаш отырғызылды. Біз қазір Абай даңғылы бойында тұрмыз, бұл жерге 131 түп шырша ағашы отырғызылады деп атап өтті Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Азамат Халелов.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале