7.05.2026, 10:00
Оқылды: 44

Облыс әкімі өңір халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев батысқазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

photo-output

Қадірлі Жайық жұрты!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отансүйгіштік пен ерлік даңқын дәріптейтін екі мереке бір-бірімен үндес. Отанымыздың Қарулы күштеріне құрметпен қарау, Отан үшін от кешкен батыр бабалардың рухына тағзым ету – әрбір отандасымыздың міндеті.
Міне, Жеңістің сексен бірінші көктемін қарсылап отырмыз. Сұрапыл соғыстың салқынын сезінбеген әулет жоқ. Отан үшін от кешкен қаһармандардың ерлігі ұмытылмауы тиіс. Жеңіс үшін күрескен жерлестеріміз де майдан даласында асқан қаһармандық танытып, тылда тынымсыз еңбектің үлгісін көрсетті. Мұның барлығы – батыр буын жүріп өткен ортақ жол. Бұл – тарих толқыны шайып кете алмайтын замана шындығы. Тәуелсіздігімізді ту еткен қазіргі дәуірде де тарихқа құрметпен қарау, ардагерлерімізді ардақтау – қай-қайсымыздың да қасиетті борышымыз.
Айбынды әскер – ел қорғаны. Бүгінде бабалардың даңқты жолын Қазақстанның қарулы күштері қатарындағы сарбаз-сардарлар жалғастыруда. Әскери борышты өтеу – ер жігіт үшін Отан ал-
дындағы перзенттік парыз. Біздің сарбаздар ел тыныштығын күзетіп қана қоймай, төтенше жағ-
дай кезінде де алғы шептен табылып, халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Қорғанысты нығайту,
әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым
бағыты бола бермек.
Қадірменді ардагерлер, Отан қорғаушылар!
Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке және ашық аспан тілеймін. Алдағы уақытта да күніміз шуақты, әскеріміз қуатты болғай!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале