7.05.2020, 13:53
Оқылды: 29

Облыс әкімі Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жеке құрамының Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынына қатысты.

F57219F6-3BA0-4B33-95B8-1C4BF7D4DBFA

Сымдай тартылып, сап түзеген әскерилерге «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бірінші орынбасары – штаб бастығы, генерал-майор Арман Жұмағалиев мерекелік бұйрық берді.

ECDF9111-7992-4097-B421-739D8960F706

- Құрметті Отан қорғаушылар, осыдан 28 жыл бұрын Тұңғыш Президенттің Жарлығымен елдік пен егемендігіміздің тірегі – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің негізі қаланды. 7 мамыр –  батыл іс-әркеттері арқылы Отанымыздың тыныштығын, әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген сіздер сияқты азаматтардың мерекесі. Кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін басты парыз және адами міндет – Отанға, халыққа адал қызмет ету. Сондықтан әскер сапында қызмет ету, Отан алдында борыш өтеу сіздер үшін үлкен жоғары мәртебе және асқан жауапкершілік екенін жақсы түсінесіздер. Облысымызға еліміздің түкпір-түкпірінен біреудің ұлы, біреудің қызы келіп, қызмет етуде. Әскери қызметіңіз сәтті өтіп, барлығыңыздың отбасыларыңызға аман-есен оралуларыңызды тілеймін. Тәуелсіз Қазақстан халқының және оның Қарулы күштерінің абыройы мен даңқы арта берсін! Мереке құтты болсын! Алда үлкен мереке – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы. Батыр бабаларымыздыің есімін жылдар өткен сайын жаңғыртып, еске алу – біздің үлкен парызымыз. Ерлік ескірмеу керек. Барлық ардагерге зор денсаулық тілеймін, - деп мерекелік лебізін білдірді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

D37AE946-DFCC-4C4A-BF14-241C9478E367

Шара барысында облыс басшысы  айтулы мерекеге орай бірнеше әскери қызметшіні алғысхатпен марапаттады. Олардың қатарында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының техника және қару-жарақ басқармасының бастығы, подполковник Арсен Шаймарданов, 5517 әскери бөлім командирінің орынбасары, майор Мэлс Дулатбаев, 5517 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық бөлімшесінің бастығы, капитан Сайран Капаров, аталмыш бөлімнің 2-атқыштар ротасының 1 взвод командирі Диас Сембин және басқалар бар. Ал 6 мамыр күні ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Сералиев әскери қызметшілерге ішкі істер министрлігі мен бас қолбасшының атынан марапаттау қағаздары мен медальдар табыстады.

96E54C84-61BC-44AB-B2A4-8B6EA4C1B011

Айта кету керек, бүгінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығында 650-ге жуық әскери қызметші жауынгерлік міндетін атқарып жүр. Елде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап олардың  жауынгерлік қызметі күшейтілген. Азаматтардың карантин талаптарын сақтауын қадағалап, заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстануда. Сонымен бірге сарбаздар донор болып, 30 литр қан тапсырған. Олар «Nur Otan» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, сыйлықтар жеткізген.

AF8CB56D-C434-4028-A614-B206632EA8E2

 Сағындық Кенжеғалиев, сержант, 5517 әскери бөлімінің әскери бақылаушылар наряд бастығы:

- Мен осы бөлімде 2002 жылдан бері қызмет етіп келемін. Бүгін облыс әкімінің марапатына ие болдым. Сенім артып, еңбегімде елеген облыс басшысы мен әскери бөлім басшыларына ризашылығымды білдіремін. Бұл марапат біздің  жауапкершілігімізді арттыра түседі. Әскери қызметкер болуды кішкене кезімнен армандаған едім. Бүгінде бұл қызметтің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Әскери маман әрдайым Отанға, ел мен жерге адал қызмет етеді. Әскерде шындық, адалдық, тазалық және темірдей тәртіп бар. Сондықтан жастардың әскери маман болғанын қолдаймын.

 Ясипа Рабаева

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале