12.09.2026, 16:45
Оқылды: 156

Облыс әкімі республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновпен кездесті

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

IMG-20260912-WA0090

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Тараптар өңірдегі ардагерлер ұйымының жұмысы, аға буынның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын дамыту мәселелерін талқылады.

IMG-20260912-WA0088

Аймақ басшысы қариялардың ел бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіне тоқталып, өмірден көргені көп, түйгені мол ардагерлердің тәжірибесі мен ақыл-парасаты қоғам үшін әрдайым маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Әбілғазы Құсайынов жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, өңірдегі ардагерлер ұйымдарының қызметі, алдағы жоспарлар және ардагерлер қозғалысын дамыту бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.

IMG-20260912-WA0092

Кездесу соңында тараптар ардагерлер ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале