12.12.2021, 20:47
Оқылды: 82

Облыс басшысы жәнібектіктерді мерекемен құттықтады

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, онда облыс әкімі Ғали Есқалиев сөз сөйледі.

13786FBB-02BE-4149-8481-32BF0559FC7E

- Жәнібек халқы әркез өзінің ұйымшылдығымен, елжандылығымен ерекшеленеді. Алдағы жылы ауданның құрылғанына 100 жыл толады. Осы айтулы шараға аудан халқы бір адамдай жұмылып, елдің көркеюіне атсалысады деп сенемін. Тәуелсіздік жылдары ауданның қаншалықты өзгергенін өздеріңіз көріп отырсыздар. Облыс орталығынан шалғай жатса да аудан көркі көз тартады. Отыз жыл ішінде ауылішілік жолдар, түрлі әлеуметтік нысандар ашылып, ауыл шаруашылығы дамыды. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қаражат бөлініп, одан аудан меценаттары да қалыс қалған жоқ. Әрине түйткілді мәселелерді айтпай кетуге болмайды. Жәнібектіктерді мазалайтыны - жол азабы. Бұл мәселе де келер жылдары өз шешімін табатын болады. Баршаңызды ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

68F493FC-216E-4140-B6B5-31F6F032186C

Сондай-ақ Ғали Нәжімеденұлы аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, аудандық ветеринариялық стансасы Жәнібек ауылдық ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Нұрлан Кенжеғалиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев, «Ғазез» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Дәулетов, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, «Жас қанат» шаруа қожалығының жетекшісі Абай Жұмақұлов, аудандық электр торабының басшысы Мейіржан Хаби, Қамысты ауылдық мәдениет үйінің директоры Салтанат Кенжалиева, аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов, аудандық орталық аурухананың акушері Меңсұлу Ғұсманова, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиевтерді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

59C300BD-CC85-4D35-B8DE-4BA92CE6E922

Сол сияқты аудандық демалыс орталығы директорының мәдени-көпшілік жұмыстар жөніндегі орынбасары Лариса Абдуғалиева, аудан әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі Сағынғали Айтжанов, Ұзынкөл фельдшерлік-акушерлік пунктінің медбикесі Нұртуған Тыныбекова, Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләззат Садирова, аудан әкімі аппаратының техникалық қызметкері Гүлнара Тілебалиеваларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай өз атынан алғысхаттармен марапаттады.

9FD5A0CA-F374-41DC-822B-CA99F9DA0FEE

Салтанатты жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты мерекелік концертіне ұласты. Соңында Ғ.Есқалиев фойедегі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрмені тамашалады.

Асқар Құсайынов,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале