5.05.2021, 10:31
Оқылды: 455

Облыс тұрғындарының аманаттары орындалуда

«Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттардың Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының жергілікті тұрғындарымен кездесулері барысында ауыл тұрғындары Қараөзен және Сарыөзен мәселесін көтерді.

өз

Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы жылдары аталмыш өзендерге келетін су күрт төмендеп кеткен, тіпті соңғы 3 жылда су мүлдем келмеген.

Өзендердегі су деңгейінің төмендеуінің салдары аудан тұрғындарының мал шаруашылығымен айналысуына кедергі келтірген. Соңғы кездері мал басының қырылып қалуы мүмкін деген қауіп күн тәртібінен түскен емес.

Ресей Федерациясының Саратов, Волгоград облыстарынан Еділ өзенінен Үлкен және Кіші өзендерге (Қараөзен және Сарыөзен) келетін су мөлшерінің азаюының себебі соңғы жылдары қайталанып отырған құрғақшылық, суға деген тәуелділік. Себебі Қазақстан тарапы Еділ суын алуға байланысты шығындарды Ресейге республикалық бюджет есебінен өтейді.

Бүгінгі күні бөлінген қаражат Саратов каналы арқылы 54 млн. текше метр, Волгоград облысынан Палласов жүйесі арқылы 21 млн. текше метр су алуға жетеді, қосымша қажеттілік 131 млн. текше метрді құрайды. Қалыптасқан жағдай судың жоқтығынан емес, керісінше Ресейдің бізге беруге дайын судың шығындарын өтеуге қаражаттың шешілмеуімен байланысты болып отыр.

Үлкен және Кіші өзендерінің тартылуы айналасындағы шағын көлдердің жойылуына себеп болып, сонымен қатар өзен бойында орналасқан кішігірім су қоймаларының барлығы да қазір бос тұр деуге болады. Ол өз кезегінде, сулардың таяздануына, минералдануына, ластануына, және балықтар мен малдардың қырылуына әкеліп соғуда.

Жоғарыда аталған мәселенің шешілуіне ықпал жасау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының 24 фракция мүшелерінің атынан Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің Төрағасы Н.З.Нығматуллинге  (2021 жылғы 12 наурыздағы №SQ – 99-21/131), Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ.Маминге (2021 жылғы 29 наурыздағы №SQ – 99-21/141) хаттар жолданды.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жолдаған 2021 жылғы 2 сәуірдегі №05-29/ҰҚ-211 хатына сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы аса қажеттілік және су аздығы жағдайында қалыптасып отырған қоғамдық-саяси жағдай аясында су шаруашылығы жағдайын жақсарту мақсатында Еділ суын 132,9 млн. м3 көлемінде Үлкен және Кіші өзендеріне беруге 2021 жылға арналған республикалық  бюджеттің 101 кіші бағдарламасы бойынша 1-ші нақтылау шеңберінде қарастыру үшін 3,5 млрд. теңге сомасында қаржы қаражатын бөлу туралы ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданып, бюджетті нақтылау шеңберінде пысықталатын болып шешім қабылданды.

Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының жіті бақылауында.

 

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық

филиалының баспасөз қызметінен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале