26.10.2020, 20:28
Оқылды: 155

Облыстық қазақ драма театрында «Теректідегі тебіреніс» жобасы өтті

Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің «Теректідегі тебіреніс» жобасы онлайн сұхбаты ұйымдастырылды.  

тебіреніс

Бағдарламаның қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, профессор, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Әсел Иманғалиқызы Мәмбетова болды.

Оқырмандар «Теректі ауданының білім беру бөлімінің» фейсбук парақшасынан тікелей эфир арқылы сұрақтары мен тілектерін жолдады.

Жобаның бірінші айдары – «Сұрақ-жауап» түрінде өтті.

Әсел Иманғалиқызына туған жер, өскен орта, отбасы, өнер жолы, жанға жақын жанр, т.б. сұрақтар қойылды.

Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің "Жас тілші үйірмесінің мүшелері де сұрақтарын жолдады.

Жоба барысында Әсел Иманғалиқызы жайында "AQJAIYQ" телеарнасы түсірген фильм көрсетілді.

тебіреніс 2

Жоба қонағы ақындардың өлеңдерін оқыды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Хусаинова Жанаргүл Жеңісқызының атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.

Жоба ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі, Теректі аудандық Балалар Шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогы Үміткер Орынғалиевтің айтуынша, бұл жоба әрмен қарай жалғасын таба бермек.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале