2.09.2020, 9:17
Оқылды: 114

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-ші сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-ші сессиясы өтіп, сессияның күн тәртібіне Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, талқыланды.

Maslihat3

Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының эконимика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюпов баяндама жасады. Қосымша баяндаманы Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың қаржы және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі Фарид Бахтиозин жасады.
- 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің нақтылануының жалпы сомасы шамамамен 3 млрд теңге құрады. Соның ішінде салықтық түсімдерді ұлғайту 2,2 млрд теңге, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындарын оңтайландыру арқылы қаржы босату 868 млн теңге. Көрсетілген өзгерістер есебімен облыстық бюджет 250 млрд теңгені құрайды. Бірінші кезекте шығындар коронавирусқа қарсы күрес шараларын қаржыландыруға жолданды.

Maslihat1

Атап айтқанда, коронавирусқа қарсы күрес аясында облыстағы инфекциялық және провизорлық стационарларға медициналық жабдықтарды сатып алуға 603 млн теңге, медициналық технологиялық жабдықтар кешені бар инфекциялық аурухананы орналастыру үшін дайын модульдік құрылғыны сатып алу және бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 2 млрд теңге, - деді облыстық экономика және жоспарлау басқармасының басшысы өз сөзінде.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың хабарламасы және «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы Бейімбет Мусиннің, «Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидасын бекіту туралы» облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Халиуллиннің, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Еуразия даңғылын қайта атау туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниеваның, 2020 жылы коронавирус індетімен күрестің жай-жапсары туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Хаюповтың есебі тыңдалып талқыланды.

Maslihat4

Сессияға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, сөз сөйледі. Ол облыстық бюджет, жасыл екпелерді күтіп ұстау, облыс аумағындағы киіктерге резервуар құру жайын айта келіп, коронавирус індетінің сейілмегендігін, аурудың алдын алу шаралары жүргізіле беретіндігін айтты.

Maslihat2

– Арамызда әлі де мейрамханада той жасауға рұқсат беріңіз, көп адам болмайды. Бір бөлмеде тек 30, екінші бөлмеде тағы соншама адамды жинап өткіземіз, - дейтіндер бар. Бұл дұрыс емес. Егер күні кешегі жағдай қайталанса, дәрігерлер тағы жетіспейді. Сондықтан бұрынғы дағдыдан арылып, бұған түсіністікпен қарау керек. Сақтанбасақ, індеттің өршіп кетуі мүмкін. Індетке қарсы күресте тек дәрігерлер ғана емес, елдің бәрі атсалысты. Телефонмен кеңес беріп отырған жандар да болды. Олардың бәріне де алғысымды білдіремін, - деді ол.
Облыс басшысы сөзінің соңында жиналған қауымды сессия жұмысы барысында депутаттар шешімімен қаладағы Еуразия даңғылына Ұлы Абайдың есімі берілуімен құттықтады.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале