27.07.2018, 16:39
Оқылды: 105

БҚО тарихи-өлкетану музейінде қос басылымға арналған көрме ашылды (СУРЕТ)

«Ғасыр  жасаған  қос  басылым» деген тақырыппен облыстық тарихи-өлкетану  музейінде Ақ Жайық өңірінің  айнасы  «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттеріне 101 жыл толуына орай көпшілік назарына көрме ұйымдастырылды.


Шарада аталмыш музей директорының орынбасары Ажар Берікқалиқызы қос басылымның мерейтойымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Мұнан соң «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитов сөз алып, екінші ғасырға аяқ басып отырған басылымдардың тарихы тереңде жатқанын айтты.

– Бүгінгі көрме кезінде қаламгер аға-әпкелерімізден тәбәрік болып қалған бұйымдарды облыс жұртшылығына паш ету мақсатында ашылып отыр. Біз өз тарапымыздан музей басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Барлығыңыз қош келдіңіздер, – деген Рауан Сәбитұлы «Қазақстанның құрметті журналисі» Ғилаж Наурзин ақсақалмен бірге көрме лентасын қиды.

Көрмеде газет саласына зор үлес қосқан ардагер журналистердің ұстаған фотоаппараттарымен қоса басқа да бұйымдары қойылған. Сондай-ақ қоғам қайраткерлері, ұлт жанашырлары «Екпінді құрылыс», «Қазақстан», «Қызыл ту», «Еңбекші қазақ» тағы да басқа газеттерде жауапты қызмет атқарған Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин, Ахмет Мәметов, Шайхы Жантілеуов, Сәтбек Иманқұлов, Ыдырыс Мұстамбаев, Рахым Сүгіров, Ізбай Қошанов, Елжас Бекенов, Әбдірахман Байділдин, Медеш Оралдиев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев сынды асыл азаматтар жөнінде ақпарат берілді. Сол кезде шыққан газеттер көрмеге келгендердің қызығушылығын қатты оятса керек, әлгі газеттерді қайта-қайта парақтаумен болды. «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері редакцияларының ғимараттан ғимаратқа көшіп-қонып жүрген кездері және «Жайық Престің» бүгінгі жетістігі де айтылды бұл шарада.

– Қазіргі жас ұрпақтарымыз үшін бұл тарихи жаңалық болып есептеледі. Жасыратын ештеңесі жоқ, көп адамдар газеттердің шығу тарихын біле бермейді. Сондықтан осы ашылып жатқан көрме жастарымызға сабақ болуы тиіс. Өйткені мұнда газеттің шығу тарихымен қоса онда кімдер қызмет жасағанына дейін бар. Газеттің тарихы бұл – елдің тарихы, сондықтан студенттер мен оқушылар осы көрмемен танысулары тиіс. 101 жылда облыстың басынан өткен барлық жаңалықтарды тек осы газеттер арқылы ғана біле алады, – дейді 1972 жылдан бастап 2002 жылға дейін «Орал өңірінде» қызмет атқарған Мәжит Қайырғалиев.

Айта кетейік, көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Газеттердің тарихымен танысу үшін бұл сіздерге берілген зор мүмкіндік. Қалыс қалмаңыз, ағайын!

Есенжол  ЕЛЕКЕНОВ

Фото Айбатыр НҰРАШ

zhaikpress.kz

PRI_0152 PRI_0135

37878031_10212094977182111_2216634777539182592_n

37943204_10212094978822152_6319293813349154816_n PHOTO-2018-07-26-15-43-20 PRI_0043 PRI_0062 PRI_0117

37832975_10212094977622122_3686838654606508032_n 37838829_10212094977342115_9047637999625437184_n 37849286_10212094977062108_5048778732697812992_n

37858605_10212094978982156_7678430527631654912_n PRI_0156

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале