16.02.2022, 9:40
Оқылды: 81

Облыстық жолдарға – 14,6 млрд. теңге

Батыс Қазақстанда биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 14,6  млрд. теңге қарастырылып отыр.

9fc4db6f9c40cc46965e5da3455b3f0e

БҚО жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Меңеевтің мәлім еткеніндей, осы қаражатқа ұзындығы 215 шақырымнан асатын жолды жөндеу көзделуде.

Оның айтуынша, барлығы 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, соның 20-сы 2021 жылдан ауысады, 17-сі – жаңа жоба.

«Осылардың ішінде көптен шешімін таппай келе жатқан, облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы ерекше жолдар бар. Атап айтқанда, Чапаев – Жаңақала – Сайқын  (130-191 км) бағытындағы жолды жөндеуге 1,5 млрд. теңге бөлінді. Сол секілді Бөрлі – Ақсай – Жымпиты  (68-139 км) жолын ретке келтіруге 1,5 млрд. теңге қарастырылды. Ал Барбастау – Ақжайық – Индер  (43-93 км) жолына 3,6 млрд. теңге жұмсалмақшы», – деді Айдар Қазбекұлы.

Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 30,2 млрд. теңгеге 329,8 км жол жөнделсе, соның 185,7 шақырымы – жергілікті жолдар.

11 ауданда облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша 36 жоба жүзеге асырылып, соның нәтижесінде тұрғындардың республикалық және облыстық жолдар арқылы облыс пен аудан орталықтарына қарым-қатынасы жақсарды.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғаспақ.

Елжан Ералы,

Бөкей ордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале