9.04.2021, 10:14
Оқылды: 184

«Ойлы хат – ортақ олжа»

«Орал өңірі» газетінің редакциясы оқырмандар үшін «Ойлы хат – ортақ олжа» атты шығармашылық байқау жариялайды. Байқауға қатысушылар өздері жолдаған мақала-материалдарда ел ішіндегі көкейкесті мәселені көтере отырып, оның себеп-салдарына терең үңіліп, мүмкіндігінше қордаланған мәселелерді шешу жолдарын да көрсетуі шарт.

BCC37A69-A055-4FC8-9DCA-ABB594CCE305

Ол үшін жергілікті тұрғындар мен сала мамандарының пікірлеріне де жүгінуге болады. Редакция тарапынан байқауға жолданған материалдарға өзек болған тақырыптың нақтылығы мен дерек-дәйектердің дәлдігіне, логикалық тұрғыдан сауатты жазылуына бірінші кезекте баса назар аударылады. Қажет жағдайда мәселенің жай-жапсарына түбегейлі көз жеткізу үшін редакция басшылығы құзырлы мекемелер мен тиісті билік буындарына, сонымен қатар жекелеген адамдарға да хабарласуы ықтимал. Материалдардың мазмұнын аша түсетін фотолар қоса жолданса, құба-құп. Байқауға жолданған материалдардың жоғары жағына «Ойлы хат – ортақ олжа» деген айдар жазылуы шарт. Материалдардың көлемі 1 интервалды сақтай отырып, 14 кеглмен терілгенде машинкалық 4 (төрт) беттен аспауы тиіс. Аутордың толық аты-жөні, байланыс телефоны, электрондық поштасы мен тұрғылықты мекенжайы туралы мәліметтер материалмен бірге жолдануы тиіс. Байқаудың шарттарына толық сәйкес келмейтін материалдар шығармашылық бәйгеге қатыстырылмайды. Шығармашылық байқаудың қорытындысы биылғы Тәуелсіздік мейрамының қарсаңында шығарылады. Материалдарды мына мекенжайға жолдаңыздар:
090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. «Орал өңірі» газетінің редакциясына. E-mai: [email protected]

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале