25.06.2021, 11:16
Оқылды: 305

Оқу жылы қалай аяқталды?

Биылғы оқу жылы мектеп оқушылары мен мұғалімдері үшін де оңайға соққан жоқ. Қашықтан оқумен басталған оқу жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға орай онлайн, офлайн түріне ауысып отырды. Мұғалімдер мен оқушылардың көпшілігі ауырып тұрды. Соған қарамастан, олар ақпараттық технологияларды тереңірек меңгеріп, оны оқу үдерісінде тиімді пайдалануды үйренді. Облыстық білім басқармасындағы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 111 мыңға жуық оқушы контингенті бар 379 мектеп оқу жылын аяқтады. Пандемияның салдарынан облыстағы эпидемиологиялық жағдайы тұрақты 276 мектепте оқу үдерісі штаттық режімде, 99 мектепте аралас режімде, 4 мектепте қашықтан оқыту арқылы ұйымдастырылды. Қашықтан оқу процесі Online Mektep, Edupage, Daryn Online білім платформаларымен жүргізілді.

0111

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №51 санындағы журналист Гүлжамал Жолдығалидың «Оқу жылы қалай аяқталды?» атты мақаласында.

 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале