23.11.2022, 15:16
Оқылды: 95

Оқушылармен кездесу өтті

Бүгін қалалық №40 мектеп оқушыларымен “Жас мұраты білім, тәлім-талабы, Өнер, оқу-жастықтың қару жарағы” тақырыбы аясында кездесу өтті. 

InShot_20221123_135428483

Іс-шараға Орал қ. ПБ Абай ЖПКБ КТЖІБ УПИ полиция капитаны Аида Ахметова қатысып, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар оралдық өнерпаз, Қазақша Stend-up жұлдызы Ерген Ақмурзин арнайы қонақ болып, жас өрендерді өнерге ынталандырды.

InShot_20221123_135454595

Бүгінгі жастар үшін атқарылып жатқан игі істер мен сарабдал саясаттың негізгі мақсаты – болашақтың кемел болуы үшін жасалған дүниелер. Жастар жылы деп аталған бұл жылда жастар игілігіне атқарылып жатқан істер аз емес. Десе де, бұл жастардың жеке бас қамдары үшін емес екені мәлім. Әрбір жасалып жатқан істің артында үлкен аманат бар. Себебі ел ертеңі жас­тар болғандықтан, олардың қазіргі хал-ахуалы, тәлім-тәрбиесі, алып жатқан білімі – бәрімізге маңызды болуы тиіс. Елдің айнасы – жастар. Егемендікті сақтайтын да – болашақ ұрпақ.

Сымбат Қыпшақбай,

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале