22.05.2024, 17:45
Оқылды: 0

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» конкурсына өтінім қабылданып жатыр

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.

InShot_20240522_172845060

Дәстүрлі түрде өтетін бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсы 12 бағыт бойынша жүреді.

Бұл конкурсқа әрбір қазақстандық педагог қатыса алады.
Ұстаздар ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы,
математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық,
цифрлық сауаттылық,
медиа-ақпараттық сауаттылық,
қаржылық сауаттылық,
экологиялық сауаттылық,
денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық),
әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық,
мәдениетаралық сауаттылық
азаматтық-құқықтық сауаттылық) бойынша бейнематериал түрінде өзінің авторлық материалын ұсына алады.
Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы керек). Бейнематериалдар дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, шеберлік сабақ, цифрлық білім беру ресурсы мен бейнеподкаст түрде қабылданады.

Түсірілген материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады.
Конкурсқа қатысушылардан берілетін бейнематериалдардың саны шектеулі.

Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтініш беріп, бір бейнематериалды жібере алады.
Конкурс жұмысы 7 критерий бойынша бағаланады:

бейнересурстың өзектілігі, дәлелділігі, пәнаралық интеграциясы, әдістемелік құндылығы, инновациялылығы, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлігі, аудио/бейнеқатар сапасы.
Конкурстың барлық марапаттау құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес аттестаттау кезінде біліктілік санатын беру немесе растауда ескеріледі.

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер ppi.orleu-edu.kz сайтында 24 сәуір – 15 қазан күндері қабылданады.

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады.

Тел: 87056721602; 87055909586.

Толқын Габдушева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы,
PR, SMM бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале