26.03.2022, 9:42
Оқылды: 117

Олимпиада басталды!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 2021-2022 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. 

1613729095_152391956_1065061223997082_7900376153275908512_o

Фотосурет: tolqyn.kz

Аталған олимпиада 24-30 наурыз аралығында облыстық білім басқармасының және «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде. Бұл білім бәйгесіне жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептерден 561 оқушы, соның ішінде  аудандардан – 222, Орал қаласынан – 79, облыстық мектептерден 260 оқушы қатысуда.

Олимпиада 14 пән бойынша жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өтеді.Аталмыш білім сынағы екінші жыл қатарынан прокторинг әдісі бойынша «1 оқушы, 1 компьютер, 1 камера» қағидасына сәйкес «Oqylyq.kz» платформасы арқылы жүргізіледі.

Облыстық олимпиадада бағы жанғандар республикалық кезеңге жолдама алып, облыс намысын қорғайтын болады.

Гүлжамал Кенжеғалиева,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале