24.05.2023, 18:59
Оқылды: 190

Олимпиададан олжалы оралды

Мамырдың 22-24-і күндері Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Оған Батыс Қазақстан облысынан 12 оқушы қатысып, қоржындары құр қайтпады.

IMG-20230524-WA0074
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.
Білім бәсекесінде 7-8 сынып оқушылары математика, физика, химия, биология және информатика пәні бойынша білімдерін сынады.

IMG-20230524-WA0075

Олимпиаданың барынша ашықтығын және академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында YouTube арнасында тікелей эфир жүргізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің өңірден І дәрежелі дипломмен  1 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 2 оқушы марапатталды.
Атап айтсақ, облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Мереке Саян география пәні бойынша І дәрежелі дипломға, дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатының оқушысы Данияр Исмагулов осы пән бойынша ІІІ дәрежелі дипломға,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатының оқушысы Дастан Баекес информатика пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломға лайық деп танылды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар және естелік сыйлықтар тапсырылады.
Олимпиаданың қорытындысы (хаттамалар, қатысушылардың сканерленген жұмыстарының көшірмелері және дұрыс жауаптар) «Дарын» РҒПО сайтында орналастырылды.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале