6.08.2021, 7:57
Оқылды: 271

Өлсеңіз – қызметіміз әзір деген  тұспал  емес  пе?

Медициналық-емдеу  мекемелерінің  арасында  аурасы  мен  моральдық-психологиялық  ахуалы  өте  ауыр  орындардың  бірі  –  онкология  диспансері.  Халқымыздың  дені  көп  жағдайларда  ағзасында  пайда  болған  онкологиялық  дерттердің  алғашқы  белгілерін  онша  елемей,  дәрігерге  қаралмай  жүре  беретіні  жасырын  емес.

Больница

Тіпті ағайындарымыздың арасында, «Е, қайтер дейсің, жел-құс, салқын тиген шығар, бір терлесем кетеді ғой» деп арқаны кеңге салатындар да аз емес. Сөйтіп жүрген­де. атың өшкір ауру одан әрі дендеп, үшінші, тіпті төртінші сатыға ауысып кетіп жатады. Әрі алғашқы сатысында аталған дерт адамға айтарлықтай байқала бермейді екен. Жайбарақаттың бір ұшы осында секілді. Ал кейін олардың жандары қиналған кезде бәрі де кеш болатыны бесенеден белгілі.
Мұндай сатыдағы ауыр сырқаттардың соңғы демі бірқатар жағдайларда онкологиялық дис­пансерде үзілетіні де ешкімге құпия емес. Болды, бәрі де бітті... Бұдан кейін онкодерт салдарынан қайтыс болған адамды жерлеуге қатысты абыр-сабыр қимылдар басталып кетпей ме? Бұған онша сабылып, қиналудың қажеті жоқ секілді. Өйткені Орал қаласындағы Алматы көшесінің бойында орналасқан облыстық онкологиялық диспансердің тұп-тура, түбі мен іргесінде өлікті жерлеуге қатысты салт-жоралар қызметі орналасыпты. Әрине,  ешкім де мәңгілік емес, өмір бар жерде өлімнің, қазаның болуы – табиғи жәйт. Тіпті әлгіндей мәйітті жөнелтуге қатысты қызмет көрсететін орындарды да қажетіз дей алмайсың. Солай дей тұрсақ та, ел-жұрт бұған дейін «Жаман ауру» деп атап кеткен ауыр дертпен алысумен бірге санасын «осыдан о дүниеге кететін шығармын» деген ауыр ой қаумалаған адамдар емделетін медициналық мекеменің іргесінен ашудың қандай қажеттілігі бар еді? Мұндай шешім қандай қисынға сәйкес келеді? Әлде бұл: Өлсеңіз – біздің қызметіміз әзір деген тұспал ма? Мұны бұл арадан сәл қашығырақ жерге орналастыруға болмас па еді? Онкология диспансерінің тұсынан өтіп бара жатқан кезде көкейге келген ойым мен осындай сауалдарды газет оқырмандарының назарына бергенді жөн көрдім. Олар бұған не дер екен?

Темір  Құсайын,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале