27.02.2024, 15:00
Оқылды: 10

Олжас Бектенов: «Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақтылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ»

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру қарқынының төмендігі үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді сынға алды.

3245fc6e-93a2-46f2-bfe7-90676051b780

Фото: KZgovernment

- Өткен жылы 309 объектіні салу жоспарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақтылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де тым кешеуілдеп кетті. Сондықтан ауылдық жерлердегі медицина объектілерінің құрылысын бастау мерзімдері бұзылды, - деді Олжас Бектенов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале