2.10.2024, 11:00
Оқылды: 50

Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

97943CA6-BD55-4C35-AC5E-FE3B41CE248F

Суреттер: Үкімет

Экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективалары талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.

Премьер-Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

0C7517B4-B995-4F3E-BE0C-48672A8CB559

Форумда қазақстандық тарап қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.

ЕҮАК отырысында шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале