21.04.2026, 11:45
Оқылды: 16

Олжас Бектенов инклюзивті спорт орталықтарын ашуды және нысандарды бейімдеуді жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

5420278582329677170

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерде инклюзивті спорт орталықтары салынып жатыр. Заманауи спорт нысандары мен қоғамдық орындар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барынша бейімделген. Дегенмен, бассейндерді қолжетімді ету мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Арнаулы құрылғылармен толық жабдықталмаған. Бұл – әсіресе, өңірлерге тән өзекті мәселе», — деді Премьер-министр.

Осыған байланысты жауапты ведомстволар мен мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді:

Спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, барлық өңірде инклюзивті спорт орталықтарын ашуды жеделдетуге тиіс.

Еңбек, Өнеркәсіп министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, қолданыстағы спорт нысандарын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімдеу мәселелерін шешуі керек.
«Барлық мемлекеттік органдар осы бағытта өзара үйлесімді жұмысты қамтамасыз етсін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жұмысты қадағалау Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале