25.08.2026, 10:30
Оқылды: 16

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы туралы: 2027-2029 жылдардағы бюджет теңгерімді және сапалы жоспарланған болуы тиіс

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды.

Парламент_РК_

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бюджет республикалық және жергілікті деңгейдегі теңгерімдікті қамтамасыз ете отырып, қаржыны сапалы жоспарлау мен тиімді бөлу бағытында жүзеге асырылуы керек екенін баса айтты.
«Жақында ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысының қарауына әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасы ұсынылды. Президент республикалық және жергілікті деңгейде бюджет теңгерімділігін қамтамасыз етіп, қаржыны сапалы жоспарлау мен тиімді бөлуді тапсырды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале