25.01.2022, 14:45
Оқылды: 136

«Омикрон» штамы өте қауіпті, оны тек ревакцинация алғандар ғана жеңіл өткереді - маман

Мамандардың айтуынша, коронавирус індетін жеңудің басты құралы оған қарсы вакцина алу және сақтық шараларын ұстану.

210804120049560a3819849i

Осы орайда елімізде вакцина және ревакцинация процесі қалай жүріп жатыр және Қазақстанда таяуда пайда болған «омикрон» штамының қаупі қандай ?, деген сауалдарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемилогиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Манар Смағұлға қойған едік.

«Ұлыбританияда «Омикрон» штамы өткен жылдың қараша айының соңы мен желтоқсанның басында тіркелді. Аталған штамм 3-4 аптаның ішінде «Дельта» штамын ысырды. Ал біздің елге «омикрон» штамы желтоқсан айының аяғында келді. Яғни ОАР еліне қарағанда 8 аптаға, ал Еуропа елдеріне қарағанда бізге 3-4 аптаға кеш жетті. Осылайша «омикрон» штамы Қазақстанда 70-80 пайызға жетеді деп болжауға болады. Қазір індеттен қаза болып жатқандарға келсек, олар «дельта» штамын аталмыш вирус өршіп тұрған кезде жұқтырғандар болуы мүмкін», - деді Манар Смағұл.

Оның айтуынша, Ұлыбританияда коронавирустың таралу шегі қаңтардың басына сәйкес келді.

«Статистика бойынша әлемде вакцина алғандардың үлесі 70 пайыздан асып түседі. Жалпы карантин талаптарын жеңілдету халықтың вакцина алу жағдайымен тікелей байланысты. Яғни карантинді жеңілдетуде вакцинацияның маңызы зор. Ұлыбританияның коронавируспен күресте «Б» жоспарына көшуіне ревакцинацияның үлкен септігі тиді. Ал Қазақстанда ревакцина түгелі, әлі вакцина алмағандар бар. Мысалы, 60-тан асқан егде жастағы адамдардың екпе алу қарқыны төтен. Оған себеп көбінде созылмалы ауру бар, кейбірі диспансерлік есепте тұр және тағы сол сияқты», - дейді ол.

Эпидемиологтың дерегінше, бүгінде қазақстандықтардың 35 пайызы ревакцинация жасатты. Ал вакцина алғандардың үлесі 76 пайызды құрайды және бұл есепке жүкті және бала емізетін әйелдер мен жасөспірімдер кірмейді. Олардың көрсеткіші 14 пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, маман «омикрон» штамы өте қауіпті екенін және вакцина, ревакцина алған адамдар аталған штамға жеңіл түрде төтеп беретінін алға тартты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале