28.12.2021, 20:34
Оқылды: 133

Өмір де, көз жасы да, махаббат та...

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Оралдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын жандармен кездесіп, оларды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады. Ол 97 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері, 2-топ мүгедегі Гаврил Чубтың бөлмесіне арнайы барып, қарияның қал-жағдайын білді.

1580F4B4-E3B7-4406-B35E-ACB0B7956DE6

     Гаврил ақсақал 2006 жылдан осы мекеменің тәрбиеленушісі. 1941-1949 жылдары Кеңес әскері қатарында болып, соғысқа қатысып, 8 жыл НКВД жасағында «СМЕРШ» тобында қызмет еткен. «Қызыл Жұлдыз», І дәрежелі «Отан соғысы» ордендері және бірнеше медальдардың иегері. Бейбіт өмірде ұзақ жылдар Теректі ауданының Подстепное ауылында мамандығы бойынша механик болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары қарияның денсаулығында кінәрат көбейген. Көзіне ота жасаған, қазір көзі нашар көреді, есту қабілеті де кеміген. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қазіргі тұрмысына ол шағымданбайды, айтуынша, тәрбиеленушілерге жергілікті басшылық тарапынан барлық жағдай жасалған.

81edbbcb-86a4-43fb-8f37-bc13aa35d267

Облыс басшысы, сондай-ақ 1-топ мүгедегі, 75 жастағы Баймағамбет Батырғалиевтың, осында танысып, тұрмыс құрып жатқан отбасылық жұп, 1-топ мүгедектері Александр Сариев пен Гүлнар Айдарғалиеваның бөлмесінде болып, олардың тіршілік-тынысымен жақын танысты.

F4B1BD68-CBA8-4D15-BF16-5F980357C579

7951CD09-C630-4B9A-99D7-6056F8037CDF

Орал әлеуметтік орталығының директоры Арман Дәулетовтың сөзінше, мекемеде 476 қызмет алушы болса, соның 194-і қариялар мен 1,2 топтағы мүгедектер. Орталықта психикалық ауытқуы бар әйелдер және ерлер бөлімі бар. Әйелдер бөлімінде 141, ерлер бөлімінде 140 адам қызмет алады.

    –Бұл ғимарат негізінен 260 адамға арналған. Оларға мәдени-спорттық, оңалту шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар бізде 2016 жылы стационарлық бөлім ашылды. Мұнда 23 балаға стационарлық қызмет көрсетіледі. Жыл сайын материалдық-техникалық базамыз жақсарып келеді. Алдағы жылы мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды,-деді аталған орталықтың директоры.

    Осында келгеніне 18 жыл болған Серік Жүсібалиев те әлеуметтік орталықтың қызметіне ризашылығын білдірді.

    –Биыл 52 жасқа толдым. Әке-шешем ертеректе қайтыс болған. Туысқандарым бар, немере аға-қарындастарым анда-санда жағдайымды білуге келіп тұрады. Оқта-текте қан қысымым көтерілгені болмаса, денсаулығым жақсы. Жататын орын тап-таза, киімдерімізді жуып береді. Бір сөзбен айтқанда, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып, өміріміз жақсы өтуде,-дейді ол өз сөзінде.

    Облыс басшысы аталмыш орталықтың жұмысымен жіті танысып, бірқатар бөлмелерді аралап көрді. Кітапханаға бас сұғып, ондағы көркем әдеби кітаптармен танысты, компьютерлік, спорттық, әдістемелік бөлмелерде болды. Мекеменің акт залында тәрбиеленушілерге жаңа жылға арналып, мерекелік концерт әзірленген екен. Мұнда Ғали Нәжімеденұлы орталық тәрбиенушілерінің бәрімен емен-жарқын амандасып, оларды жаңа жылдарымен құттықтады.

B80665C6-DFA9-4A6E-B8B8-128A8F1797C0

        –Бүгін сіздерді Жаңа жылдың алдында арнайы құттықтап, өтініш, тілектеріңізді тыңдағалы келдім. Осы жерде 2019 жылы болғанымда, асхананың, екінші корпустың жағдайымен танысқан едім. Аталған ғимараттарды жөндеу үшін осы жылдың ішінде тиісті жобалық-сметалық құжаттар жасалып, қаржы бөлінді. Мердігер де табылды, енді келер жылдың басында асхананы, ескі корпустарды жөндеуден өткізіп, осындағы тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ауыстырып, жаңасын алып береміз. Биыл мекемедегі дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы 65-70 пайызға өскенін біліп отырмын. Мұның өзі осындағы тәрбиеленушілерді емдеп, сауықтыруға оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта кітапханадағы аудио кітаптардың қатарын көбейтуге мүмкіндігінше көмектесетін боламыз. Жаңа жылда жақсылықтар көбейе берсін,-дей келіп, облыс әкімі орталықта тұратын тәрбиеленушілерге жаңа теледидар тарту етті.                                                                                                                           

7E094417-07E5-446E-960F-17FEBEE30C37

31D394C1-019A-4940-8752-7CB3F8D1BA59

f8a259c8-a414-47ab-9ef9-9c6787af124f

8AFA8E94-54D0-4108-9412-4019497DAF46                                                            Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

                         

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале