24.05.2022, 9:00
Оқылды: 62

«Өмір құндылықтары»

Осындай тақырыпта облыстық төтенше жағдайлар 

департаментінің дағдарыс орталығында дөңгелек үстел отырысы өтті.  

IMG-20220524-WA0000

Жеке құрам арасында суицидтің алдын алу мақ­сатында ұйымдастырылған іс-шара департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Рашид Бляловтың төрағалығымен өтті. Дөңгелек үстелде облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі Оксана Кин, Орал қаласындағы орталық мешіттің наиб-имамы Наурыз Убаев және Орал епархиясы ақпараттық бөлімінің басшысы Дмитрий Дильманаев  өз пікірлерін білдірді. Сала мамандары «Адамның өз-өзіне қол жұмсауының астарында не жатыр? Суицидтің алдын алуға бола ма?» деген сауалдарға  жауап  берді.

– Суицид – адамның  өз-өзіне қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Бұл әрекетке жетектеп тұратын отбасылық факторлар: отбасында өзара түсіністіктің болмауы, маскүнемдік және нашақорлық, балаларды жан-жақты қамтамасыз етуге шамасы келмеуі. Жеке адамның жағдайды өзгертуге қабілетсіз болуы, күйзеліске қарсылық таныта алмауы, мәселені шеше білу дағдыларының болмауы түбінде тығырыққа тірейді. Адам қандай да бір қиындыққа тап болып, өзін қоғамға керексіз сезініп жүрсе, психолог мамандардың көмегіне жүгінгені абзал. Мамандардан кеңес алу арқылы мәселенің шешімін табуға болады деп ойлаймын, – дейді Оксана Степановна. Сонымен қатар теологтар суицид тақырыбын діни аспектіде ашты. Ол кездесу қатысушыларына суицидтің алдын алудың көбінесе моральдық-рухани жақтары мен салдарын жеткізді. Өмірдің құндылығы, денсаулықтың, өмір сүрудің маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

– Өзін-өзі өлтіру – ауыр күнә. Сондықтан рухани тұрғыдан жұтап жүрген адамдарды жалғыз қалдыруға болмайды. Егер сондай жағдайда қалсаңыз, өзіңізге және жақын адамдарға көңіл бөліп, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана өмірден түңілу сезімі болмайды. Керісінше, жарық дүниенің қаншалықты қадірлі екенін сезінесіз, – дейді наиб-имам Наурыз Ибатұлы.

Аягүл Махимова, 

БҚО ТЖД ПҚТ бас маман-психологі,

азаматтық қорғау майоры

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале