Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

31.08.2021, 10:23
Оқылды: 117
«Өнер барысы» анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Конституциясы күніне орай «Жастар» стадионында мәдениет қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Өнер барысы –  2021» қалалық ашық турнирі өтті. 

240886981_856042408448946_2326119592010646774_n

Бұл спорттық сайыстың ашылу салтанатында Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев сынға түскен балуандарға сәттілік тіледі. «Біз – Алтайдан Атырауға, Арқадан Жетісуға дейінгі аралықты білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған батырлардың ұрпағымыз. Сондықтан қазақтың жігіттері күшті болуы тиіс. Осыған дейін көпшілікті өнерімен таң қалдырған дарабоздар бүгін басқа қырынан танылады», – деді ол.

Батыс Қазақстан облысының қазақ күресі ассоциациясы мен Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мәдени-ағарту бірлестігі» ұйымдастырған турнирде 10 команда бақ сынады. Қатысушылар боз кілемде  алты салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Намыс додасына Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандары, Орал қаласы және БҚО мәдениет басқармасының  командалары қатысты.

Тартысты жарыс қорытындысы бойынша Орал қаласының командасы І орын жүлдесін қанжығасына байлады. Жаңақалалықтарға ІІ орын бұйырса, Казталов балуандары ІІІ орынға табан тіреді. «Үздік техника» аталымымен Д.Қайырлиев марапатталып, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын Н.Байниязов иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жарысқа қатысқан командалар алғысхаттармен марапатталды.

 

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале