4.12.2020, 10:38
Оқылды: 153

Өнерге қамқорлық қажет

«Орал өңірі» газетінің 16 қазан күнгі санында жарияланған Гүлжамал Жолдығалидың «Оралдағы жалғыз саз мектебіне жаңа ғимарат салынса» деген мақаласында аталмыш мектеп директоры Қуандық Мәдір өнер ошағының қазіргі жағдайын ашып айтып, саз мектебіне типтік үлгідегі жаңа ғимарат салуға облыс және қала басшылығынан қолдау сұраған. Бұл  мақалада айтылған сұраныстар  болашақта орындалатынына  сенеміз.

6DADC2B7-E61A-4A7A-9F4A-066984927F68

Дина Нұрпейісова атындағы саз мектебі – ұлы өнердің кәсіби бағыт алып, биіктерден көрінуіне, дамылсыз дамуына, өнердің әлемінде әйгілік сипатқа ие болуына зор үлесін қосып келе жатқан ұлағатты ұжым.

Сөз өнері бойына дарыған таланттардың тұсауын кесіп, үлкен сахнаға жолдама беретін, концерт ұжымдары мен мәдениет ошақтарына маман даярлайтын еліміздің батыс өңіріндегі музыкалық білім ошағы. Биыл осы өнер ордасының алғашқы қоңырауы соғылғанына 86 жыл толды. Дина шешеміз атындағы саз мектебіндегі ұстаздар қауымының бір ғасырға жақын уақытта қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бұл өнер-білім ұясының бірқатар түлектері – республикаға белгілі мамандар.

Саз мектебін бітірген дарабоз түлектеріміз білімдерін саз колледждері мен өнер саласындағы жоғары оқу орындарында жалғастырып, қасиетті де қастерлі ұлттық өнерді төрткүл дүниеге егеменді еліміздің атақ-даңқын асқақтатып, рухани және әлеуметтік дамуымызға үлес қосуда. Көптеген түлек елімізден тыс жерлерде жемісті еңбек етсе, көпшілігі еліміздің барлық өңірінде, облысымыздың мәдени мекемелері мен оқу орындарында, балалар саз мектептерінде шығармашылықпен  қызмет етуде.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №96 санынан оқи аласыздар.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале