29.06.2021, 9:59
Оқылды: 551

Өнімдеріне сұраныс бәсеңдемейді

«KazPolimerPlast» ЖШС – Ақ Жайық өңіріндегі даму жолына түскен жас компаниялардың бірі. Кәсіпорынның өндірістік қызметі 2013 жылы полиэтилен өндіретін жұмыс істеп тұрған цехта басталды. Өндіріс орны сумен жабдықтау, кәріз, газбен қамту, телекоммуникация, технологиялық тұрба құбырлары жүйесіне арналған полиэтилен тұрбалар шығаруға маманданған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 11000 тонна тұрба өнімін өндіруге жетеді.

KazPolimerPlast» -2

Қазіргі уақытта «KazPoli-merPlast» компаниясының нарықта өзіндік орны, өндірістік тәжірибесі, заманауи технологиялы құрал-жабдығы, жоғары білікті инженер-техникалық мамандары бар. Сондықтан зауытта өндірілген өнім түрлері сапа стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

2019 жылдың соңында компания өндірістік қуатты арттыру және шикізат сатып алу үшін «ВТБ Банк» АҚ-ның еншілес ұйымына (Қазақстан)  қаржыландыру жөнінде өтініш берді. Екінші деңгейдегі банк 14,25%-бен несие беріп, оның 50%-ы «Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму» қоры филиалы арқылы субсидияланды. Сонымен қатар «Даму» қорының кепілдік беру бағдарламасы бойынша кепілдікпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бұдан кейін де компания мемлекеттік көмек-қолдауға әлденеше мәрте жүгініп, субсидиялау және кепілдік беру тетіктерін пайдаланды. Өндірістік қуаттың күшеюінің арқасында оралдық өндірісшінің құрылыс компаниялары арасында жаңа сенімді серіктестерінің қатары өсті. Компанияның тұрба құбырларын еліміздің барлық өңірі тұтынады.

- Бізде негізінен диаметрі 1200 миллиметрлік тұрбалар шығарылады. Қазақстанда тұрба өндіретін – 40, облыс аумағында 3-4 зауыт барын ескерсек, тұрба нарығында бәсекелестіктікке төтеп берудің оңай еместігі түсінікті. Сондықтан зауытты толық қуатпен жұмыс істейді деу қиын. Бірақ қай уақытта да сапалы өнімге деген сұраныстың бәсеңдемейтіні анық. Өнімдерімізге Атырау, Ақтөбе, Қостанай өңірлерінен, ішінара Нұр-Сұлтан қаласынан  тапсырыстар түседі, - деді аталмыш компанияның басшысы Алтай Тұяқов.

Оралдық зауытта 33 адам жұмыс істейді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале