БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды
5 Маусым 2023

БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады
5 Маусым 2023

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды
5 Маусым 2023

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды
5 Маусым 2023

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды

БҚАТУ-да еңбек жасағы жұмысқа кірісті
5 Маусым 2023

БҚАТУ-да еңбек жасағы жұмысқа кірісті

Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері: Асхат Оралов Каирге жұмыс сапарымен келді
5 Маусым 2023

Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері: Асхат Оралов Каирге жұмыс сапарымен келді

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Дәл қазір Оралдағы «Тұңғыш Президент» алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойлануда.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 10.10.30

- Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын сәтінде Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы басталды. Бұл халқымыз үшін ырысты, ынтымақты ұлы той.

Наурыз – табиғаттың жаңғыруын, ауызбіршілік пен жақсылықты бейнелейді. Ел ішінде «Наурыз бата», «Наурыз тілек», «Наурыз той», «Наурыз төл» деген керемет тіркестер бар. Қазақ халқының кең пейілін дәріптей түсетін осындай жоралғылар мейрамның мән-мағынасын айшықтай түседі.
Ежелден жасампаздықтың нышаны ретінде құрметтелген бұл мейрам - бір шаңырақ астында ынтымақта өмір сүріп жатқан халқымыздың асыға күтетін ең қастерлі де сүйікті мерекелерінің бірі.
Күллі Шығыс жұртына ортақ мереке – Наурыздың тарихы  тым тереңде жатыр. Ырысы мол мереке біздің жан дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді жақсылыққа бағыттайды. Бұл - кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтауы Наурыз мейрамының бастауы саналатын еліміздің батыс өңіріне тән ежелгі дәстүріміздің дәрежесін арттырды.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 09.29.30

Ел ынтымағын еселеуде Наурыз мейрамының алатын орны да ерекше. Еліміздегі барлық ұлттың бірлігін бекемдеп, ынтымағын ту еткен Наурыз мерекесін жаңғырудың бастамасы деп қабылдаймыз. Сонымен бірге, Наурыз мерекесімен қатар қасиетті Рамазан айы тұспа-тұс келіп отыр. Осы ретте, Ораза ұстауға ниет еткен барша жамағатқа дұға-тілектеріңіз қабыл болсын дегім келеді.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 13.36.02

WhatsApp Image 2023-03-22 at 13.36.02 (2)

WhatsApp Image 2023-03-22 at 13.36.03

WhatsApp Image 2023-03-22 at 13.36.02 (3)

Осындай ұлық мереке күні Ақ Жайық өңірін адал еңбегімен құтты қонысқа айналдырған барша жерлестердің кемел келешек жолындағы бастамалары баянды, еңбектері жемісті бола бергей!,  - деді өз құттықтауында облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале