21.03.2024, 13:17
Оқылды: 37

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев батысқазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.

10

Құрметті батысқазақстандықтар!

Күн мен түн теңеліп, табиғат жаңа күйге еніп, тіршілік атаулысы ояна бастайтын Ұлыстың ұлы күні –жыл басы әз-Наурыз құтты болсын!

Тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.

Наурыз мерекесі– биік рухымыздың, мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен діліміздің өзегі.

Биыл елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда. Мемлекет басшысының ұсынысымен арнайы "Наурызнама" тұжырымдамасы қабылданды. 14 - 23 наурыз аралығында өңірімізде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған түрлі іс-шаралар жоғары деңгейде өтуде.

Өткен аптада,15 наурыз күні Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ендігі уақытта ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға жіті мән берілуі керек. Осылайша алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау жалғаса береді.

Құрметті жерлестер!

Жалпыға ортақ мерекеміз, жаңа жылымыз құтты болсын!

Барша жерлестеріме зор денсаулық, бақ-береке, амандық тілеймін!

Наурыз әр отбасыға құт береке әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале