7.04.2017, 16:26
Оқылды: 48

Өңір басшысы ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен кездесті

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Астанада ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен өңір басшысы Алтай Көлгіновтің кездесуі өтті. Жиында өнеркәсіп мекемелерін жаңғырту, оларды әртараптандыру жайы сөз болды.


Кездесуге сондай-ақ батысқазақстандық «Зенит зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ , «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС сияқты өндіруші компаниялардың басшылары қатысты.

Өнеркәсіптің негізгі салаларындағы өндірісті дамыту Үшінші жаңғырту негіздемесіне сай жүргізілуі керек. Бұл орайда қатысушылар ортақ жұмыс істеуге бағытталған жоспар дайындауға уағдаласты. Сонымен қатар Министр кезекті іссапарында оралдық кәсіпорындарды аралауға ниетті екенін білдірді.

«Зенит зауыты» АҚ басшысы Вячеслав Валиевтің айтуынша,  ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің ұйымдастыруымен өткен кездесудің маңыздылығы жоғары болды.

- Бұл салада шешімін таппаған мәселе көп. Олардың арасында мемлекеттің тікелей қатысын қажет ететіндері бар. Біз бүгін солардың біразын қаузадық. Жиында айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, нақты шешімдер қабылданады деген үміттемін.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале