12.03.2021, 21:26
Оқылды: 235

Өңір шаңғышылары жүлдемен оралды

Жуырда СҚО Петропавл қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Х қысқы оқушылар гимназиадасы ұйымдастырылды. Байрақты бәсекеде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және жарыс иелері СҚО  командалары бақ сынады. Гимназиадаға жалпы саны 200-ге тарта спортшы келді.

EDEA71D6-39A4-40C3-A079-DBCD495B22A0

Жарыс барысында шаңғышылар төрт қашықтық бойынша сайысқа түсті. Бәсекенің алғашқы күні «Спринт» қашықтығының медальдары сарапқа салынды. Бұл күнгі жарыс Батыс Қазақстан облысы үшін табысты болды. Мадина Жақсылықова мен Арсен Гумаров жартылай финалға дейін жетсе, финалдық бәсекеде жарыс жолына шыққан Еділбек Елубаев  гимназиада чемпионы атанды.

Жарыстың екінші күні үлкен топтағы ұлдар 10 шақырымдық сында мықтыны анықтады. Бұл сында Арсен Гумаров үздік ондықтан табылып, команда ұпайын ұлғайтуға септігін тигізді. Сондай-ақ бұл күні орта топтағы ұлдар бәсекесінде Дамир Кабикесов алдыңғы орындардан көрініп, көпшілікті қуантты. Дәл осы жарыста Еділбек Елубаев тағы да алдына жан салмай, гимназиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар бұл күні кіші топтағы қыздар арасында бақ сынаған Мадина Жақсылықова үздік ондықты түйіндеп, команда қоржынына кезекті ұпайды салды.

F3C5CA8D-644B-408D-85C9-41BD0DF39EDA

Бірнеше күндік гимназиаданың үшінші жарыс күні өңір спортшылары жүлде салмаса да, топ басынан табылып, Батыс спортшыларының мықтылығын дәлелдеді.

Жарыстың соңғы күні облысымыздың жас командасы үшін үлкен сынақ болды. Өйткені шаңғы спортының ең қиын да қызықты жарысы «Эстафета» медальдары сарапқа салынды. Еліміздің үздік 10 облысының командасы жарыс жолына шықты. Әр облыс эстафетаға өзінің ең үздік деген спортшыларын қосты. Ал Батыс Қазақстанның намысын Дамир Кабекесов, Эльдар Маликов, Сырым Жәміл мен Еділбек Елубаев қорғады.

Бірінші болып жарыс жолына Дамир түсті. Өз кезеңін үздіктер қатарында аяқтаған ол эстафетаны бөрлілік спортшы Эльдар Маликовке ұсынды. Бұл сынның бар жауапкершілігін сезген Эльдар да намысты қолдан бермей, өз кезеңін үздік үштік қатарында аяқтады. Одан соң жарыс жолына бәйтеректік Сырым Жәміл аттанды. Жас болса да, бар күшін жарыста сарп еткен ол командаластарының еңбегін еш етпей, өз кезеңін ойдағыдай аяқтады. Эстафетаны аяқтау Еділбек Елубаевқа жүктелді.  Болашақ үмітіміз көпшілікті жерге қаратпады. Командаластары алып берген орынды сақтап қалған ол өңір шаңғышыларын гимназиада эстафетасының қола жүлдегері атануына өз үлесін қосты.

1B6F343E-1DDF-4DEC-8431-0075AC6D408D

Бұл — өңір спортшылары үшін үлкен жетістік. Шаңғы спортының жілігін шағып, майын ішкен мамандар облыс шаңғышыларына оң бағасын беруде. Бұл жеңісіміз бізді жаңа белестерді бағындыруға жетелейді. Жас спортшыларымыздың осы үлкен жарысқа қатысуына тiкелей колдау корсетiп, жолдама берген Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына және облыстың шаңғы жарысы федерациясының президентiне, білім басқармасы және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығына алғысымыз шексіз. Осы жетістігімізді одан әрі жетілдіру үшін еңбектенетін боламыз.

Осы жарысқа спортшыларды баптаған бапкер Ислам Сагиналевтың да еңбегі зор екенін атап өтуіміз керек.

Серік Хайруллин,

шаңғы жарысынан облыс жастар

құрамасының аға бапкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале