Басты жаңалықтар
Оралда бірнеше көппәтерлі үй жылусыз қалды
1 Желтоқсан 2023
Оралда бірнеше көппәтерлі үй жылусыз қалды
Оралда демалыс күндері жәрмеңке өтеді
1 Желтоқсан 2023
Оралда демалыс күндері жәрмеңке өтеді
Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 9.00-ден 13:00-ге дейін өтеді. 2 желтоқсан М.Ықсанов көшесінде, 3 желтоқсан Зашаған кентіндегі Жәңгір хан көшесі,…
Оралда құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды
1 Желтоқсан 2023
Оралда құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды
Қаржы мониторингі агенттігінің БҚО-дағы департаменті Оралда сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясын жойды. Агенттіктің хабарлауынша, бұған дейін департамент сотқа…
Жылыту маусымы: БҚО-да төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
1 Желтоқсан 2023
Жылыту маусымы: БҚО-да төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
БҚО-да жыл басталғалы бері 522 өрт оқиғасы тіркелді. Оқыс оқиғалардың салдарынан 10 адам қаза тауып, тоғыз адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Бұл туралы өрт қауіпсіздігін…
Қазақстанда 96 жаңа мектеп ашылған
1 Желтоқсан 2023
Қазақстанда 96 жаңа мектеп ашылған
ҚР оқу-ағарту министрлігіні баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде өңірлерде 88 мың оқушыға арналған 96 жаңа мектеп ашылған.  Фото: zhaikpress.kz Жалпы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері…
Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды
23 Қараша 2023

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды

Өңірде азық-түлік арзандамай тұр

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев­тің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында кеңес отырысы өтті.

B8A2DB75-5FC3-40DF-BD18-5C787933CFB1

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарла­рының бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 5,3 млрд теңге қаражат бөлінген. Соның 2,8 млрд теңгесі айналым схемасы бойынша кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруге жұм­салса, 2,5 млрд теңгесі тұрақтандыру қорын қалыптастыруға бағытталған. Аталған жиында қаралған негізгі мәселелердің бірі – осы әлеумет­тік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Наурызбай Қарағойшин қазіргі таңда азық-түлік қорындағы келісімшарт та­уарларының жалпы көлемі 2,0 млрд теңге болатын 11 070 тоннаны құрап отырғанын мәлімдеді.

– Жыл басынан бері 133 мәр­те ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бүгінде сүт, көкөніс және басқа да жетіспейтін азық-түлік тауарлары еліміздің басқа өңірлері мен Ресей Федерациясынан әке­лінуде. Осы тапшылықтың орнын толтыру және азықтүлік тауарларының өнді­рі­сін ұлғайту мақсатында облыс бойынша агроөнеркәсіп кешен саласында 2023-2026 жылдары іске асырылатын 42 инвестициялық жоба ті­зімі жоспарланды. Бұл жобалардың жалпы құны 166,4 млрд  теңгені құрайды. Атап айтсақ, мал шаруашылығы бойынша – 17, өсімдік шаруашылығы бойынша – 22 жә­не қайта өңдеу бойынша үш жоба  қолға алынады. Былтыр  6,6 млрд теңгеге 13 жоба іске асты. Биыл 7,0 млрд  теңгеге 15 жобаны қолға алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бүгінге дейін суармалы жерлерде картоп өсірумен айналысатын «Рубежинский» АӨК, суармалы жер телімін құру бойынша «Ер-Қожа» ШҚ мен «Арыстанов» ШҚ, бұрынғы суармалы жерлерді қалпына келтіруді жүзеге асыратын «Жарсуат» ЖШС, картоп пен сәбіз өндірумен айналысатын «Baystone» ЖШС және сүтті қайта өңдейтін «Таловая» ЖШС 1,5 млрд теңгенің алты жобасын іске қосты, - деп баяндады Наурызбай Қадырбайұлы.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы Мемлекет басшысының Жолдауын негізге ала отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге ден қою керектігін және ауылдарды дамыту мақсатында нәтижелі жұмыстар атқару қажеттігін нақтылап айтты.

«AQJAYIQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақдаулет Ибраимовтың мәлімдеуінше, қаланың әр аймағында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 15 павильоны бар. Аталған дүң­гіршектерге мониторинг жүргізілген.

– Өздеріңізге белгілі, «Ауыл аманаты» бағдарламасы шең­берінде несие алып, кәсіп бастаған тұрғындарға жаңадан 15 павильонды пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Қазіргі кезде екі павильонда Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандарының өнімдері сатыла бастады. Сондай-ақ пияз бен қантты тасымалдау бойынша келісімшарттар жүргізіліп жатыр. Осы сияқты бірқатар жұмыс атқарылуда, - деді Бақдәулет Талғатұлы.

Жиын соңында өңір басшысы азық-түлік тауарларына қатысты мәселенің өте күрделі екенін және осы бағыттағы жұмыстардың әлі көңіл көншітпей отырғанын жеткізді.

Қазір Ресейден импортталған өнімдердің ық­палы­нан ғана азық-түлік арзандап отыр. Тауарлар қымбаттаған жағдайда оның нақты себебін білу қажет. Бұл мақсатта жүр­гізілген мониторингтердің нәтижесі болмай тұрғаны жасырын емес, - деп Нариман Төреғалиұлы аудан әкімдері мен сала мамандарына бірқатар тапсырма жүктеді.

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале