28.04.2020, 19:17
Оқылды: 82

Өңірімізде карантин режиміне байланысты енгізілген шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдейтін болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 сәуірде еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесін жариялағаны белгілі. 

D123416D-916D-4CF2-BD08-8B354BF9528A

Осыған орай, Мемлекет басшысының мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында және облыстық төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі негізінде өңірімізде де карантин режиміне байланысты енгізілген шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев мәлімдеді.

-Карантин тәртібінің жеңілдеуімен өңірдегі өндіріс ошақтары, құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, ірі құрылыс дүкендері, ауыл шаруашылығы саласындағы қоймалар, автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету салалары жұмыстары қайтадан жанданатын болады.

Ағымдағы жылы 28 сәуірден бастап қала ішіндегі қоғамдық көлік қозғалысына және саяжайларға жеке автокөліктерімен баруға рұқсат берілді. Сондай-ақ саяжайларға қатынайтын автобустар жүретін болады. 65-тен асқан адамдарға да саяжайға баруға рұқсат етіліп отыр. Жеңілдетілген карантин талаптары аясында тұрғын үйлердің аулаларында серуендеу, балалардың ойнауына мүмкіндік берілді. Алайда адамдар көп жиналатын жерлер әзірге жабық күйінде қалады.

Коронавирус пандемиясының  алдын алу, болдырмау және одан сақтану жолдарын тұрғындар арасында  түсіндіру  мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізілуде.

Бұл шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мен індеттен сақтану мақсатында жүргізіліп отыр. Жеке гигиена мен санитарлық талаптарды сақтау - әр тұрғынның азаматтық міндеті болу керек, - деді Серік Рахметоллаұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале