9.06.2021, 12:49
Оқылды: 278

Өңірлік комиссия алдында ауқымды міндеттер тұр

Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрылды.

26EDAB0C-7FBD-4664-A1B1-20BE54BE1E08

Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында ел Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған аталмыш комиссияға облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов жетекшілік етеді. Комиссияның жұмысшы органы болып облыстық ішкі саясат басқармасы табылады.

Өңірлік комиссияның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ғалымдар мен өлкетанушылар енгізілді. Комиссия аясында зерттелуі тиіс тақырыптық бағыттар бойынша 7 жұмыс тобы құрылды. Күні бүгінге облыстық комиссияның 2 отырысы, жұмыс топтарының 5 отырысы ұйымдастырылды.

Облыс тұрғындарынан мәліметтер мен деректерді жинау мақсатында bko_aqtau телеграмм-каналы, 51-36-05 телефон номерінде call-орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

82E78817-EA2D-4667-9AC6-C16DDD76F696

Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселесі бойынша өңірлік комиссия төрағасы, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды қабылдауы жүргізілетін болады.

БҚО ішкі саясат басқармасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале